Саяси сахна

"Ақша қайда кетіп жатыр?": Елбасы халықтың көкейіндегі сауалға жауап берді

  • Фото: elbasy.kz

    Фото: elbasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының құрылысына бөлінген ақшаның қалай жұмсалып жатқанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақстан Ұлттық Арнасындағы "Түркістан: көне мен келешек көпірі" деректі фильмінде айтты.

 

Назарбаевтың сөзінше, бұл мәселе ылғи көтеріледі.

 

"Ақшаны қайда жіберіп жатыр?" деп сұрайды. Астананы салғанда да солай болған. Бірақ қазір елордаға салынған бір теңге үш теңге болып қайтып жатыр. Сол сияқты бірінші кезеңде Түркістанға 350 миллиард теңге жұмсалады", - деді Елбасы.

 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістанның құрылысына қажетті ақшаның тең жартысын жекеменшік компаниялар құйып жатқанын жеткізді.

 

Бизнес өкілдері қонақ үйлер, сауда мен туризм орталықтары сияқты ғимараттарды салады, дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 160 нысанның тең жартысы салынып біткен. Соның ішінде әкімшілік ғимараты, қазақ драма театры, конгресс-холл, қонақтарды қабылдайтын үлкен нысан, 10 мың орындық стадион, жастар сарайы және тағы басқа ғимараттар бар.

 

Осы орайда Елбасы урбанизация жалғаса беретінін, одан қорқудың қажеті жоқ екенін атап өтті. 

 

 "Біздің қазақ бәрі қалаға кетсе, далада жағдай қалай болады деп қорқады. Далада бәрі дұрыс болады. Америкада ауылда тұратын халықтың үлесі &ndash 5 пайыз. Сол бес пайыз тамақпен қамтамасыз етіп, шетке де шығарып жатыр. Бізде халықтың 40 пайызы ауылда тұрады. Оның жартысы ауылда тұрса да, қалада жұмыс істейді. Технология дамыған сайын ол жерге жұмыскердің көп керегі болмайды. Ал ауылды жақсылап көтерсек, қаладан барамын деген адамдар табылады", - дейді Тұңғыш президент.

 

 

 




Көрілген: 2530    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.12.2020, 14:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Желтоқсан 2020
    Әблязов 15 жылға сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31