Саяси сахна

Ақтоты Райымқұлова мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

  • Ақтоты Райымқұлова мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

    Ақтоты Райымқұлова мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта. Ақтоты Райымқұлова осы қызметке тағайындалғанға дейін 2016 жылғы 3 қазаннан бастап вице-министр болды. 1964 жылы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "композиция" және "фортепиано" мамандықтары бойынша, "композиция"мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдады. Сонымен қатар "менеджмент" мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясының магистратурасында оқыды. DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағы бар. Ақорда сайтында Мемлекет басшысының Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылғаны жарияланды.  




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.06.2019, 18:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31