Алаш қайраткерлерін саяси ақтау үшін арнайы құжат керек – Ерлан Саиров

21 мамыр 2021, 13:37

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады.
«Тарих толқынында ел, ұлыс, мемлекет болып қалу екінің бірінің бағы емес.

Төрткүл дүниеде 2000 жуық ұлттар бар.

Фархат Әбдірайымов қандай рөлдермен есте қалды?Актердің өліміне не себеп болғаны анықталды
ТОЛЫҚ ОҚУ...
БҰҰ мүше 195 қана мемлекет бар. Қазақстан сол өзінің мемлекеттілігі бар, дүниежүзі мойындаған 195 мемлекеттің қатарында бар.

Бұл – біздің халық, біздің ұлт үшін жетістік, қуаныш, жауапкершілік.

Осы тәуелсіздік үшін күрескен, қазақ халқының таихтың талай дүлей соққан бұрқасыннан аман-есен шығуына ықпал етті. Ұлт үшін өз жанын пида еткен, халық үшін саналы түрде қаза болған тарихи тұлғаларымызды қошеметтей алдық па?

Қазақ хандарының тарихы бір бөлек дүние. Оларды зерттеу тарихи жадының маңызды компоненті.

Қазір біз XX ғасырдың басында қазақ әлемінде пайда болған, біздің халқымызды технологиялық,рухани жаңа сатыға көтеруге ат салысқан, қазағым деп өмірден өткен ардақты Алаш қайраткерлері жөнінде болмақ.

Мен Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаевтың еңбектерін оқыған кезде, көзіме жас үйіріледі. Өздері жап-жас, «қағанағы қарқ сағанағы сарқ» емес, патша өкіметінің қудалауында жүріп-ақ қаншама жұмысты бітірді.

Алаш қозғалысы – XX ғасырдағы қазақ халқының қайта түлеп шығуына, ұлтымыздың пассионарлық деңгейінің еселеп өсуіне, керек болса, қазақ халқының интеллектуалдық деңгейде ұлт болып қалуына еңбек еткен басты қоғамдық-саяси күш!

Бұл – аксиома!

Қазақ халқының интеллектуалдық, қоғамдық, рухани қалыптасуына, батыстың мәдениеті мен шығыстың руханиятын тең ұстауға, өзінің қазақи түп-тамырын ұмытпауына еңбек еткен универсалды топ болған.

Алашты біз күнде жаңа деңгейде, жаңа көзқараста ашуымызға мүмкіндік жасауымыз керек.

Алаш қайраткерлерінің жазып кеткен сол кездегі Қазақстанның Конституциясы сол заманның саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуының ең озық үлгілерін қабылдаған өте жоғары прогрессивті құжат.

Бұл батыстық үлгіден асып кеткен, әлеуметтік әділеттілік пен азаматтардың құқы аясында жасалған бірегей құжат.

«Социалистік реализм» кезеңінде қазақтың рухани әлемін дамытуға басты үлес қосқан Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан алаштың жас жеткіншектер қанатының өкілдері.

Бүгінде біз осы азаматтардың алдында бас ие отырып, олардың аруағын сыйлай отырып, «Алаш» қозғалысын саяси және рухани /реабилитация/ ақтау жөнінде, Алаштың қазақ халқы үшін таптырмас құндылықтары жөнінде Ұлттық құжат қажет деп есептеймін.

Бұл – әрбір қазақтың, Қазақстанның патриот азаматының тарих алдындағы ақиық азаматтар алдындағы борышы», – деп жазды Ерлан Саиров.

aikyn.kz