Саяси сахна

Алексей Цой дәрігерлерді қазақ тілінде құттықтады

  • Алексей Цой дәрігерлерді қазақ тілінде құттықтады

    Алексей Цой дәрігерлерді қазақ тілінде құттықтады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әріптестерін медицина қызметкерлері күнімен құттықтап, қазақ тілінде сөйледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алексей Цойдың құттықтауы "Қазақстан" телеарнасының эфирінде жарияланды. Құттықтаудың үзіндісін Цой өзінің Instagram парақшасында жариялады.

 Министр медицина қызметкерлеріне олардың еңбегі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ оларға және олардың отбасыларына денсаулық пен амандық тіледі.

“Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Әр жеңістің артында біздің барлық қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің мамандығына шексіз берілген орасан еңбегі тұр. 
Құрметті әріптестер, сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық тілеймін!”, – деді ол өз сөзінде.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 260 мыңға жуық медицина маманы, оның ішінде 75 мыңнан астам дәрігер, 185 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Күн сайын елімізде 2 мыңнан астам операция жасалады, мыңнан астам бала туады, 18 мыңға жуық жедел медициналық жәрдем шақырулары қабылданады.

Stan.kz




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

сенбі, 19.06.2021, 09:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31