Саяси сахна

Әлем Ресейге визасыз режим орната ала ма?

  • Әлем Ресейге визасыз режим орната ала ма?

    Әлем Ресейге визасыз режим орната ала ма?

Ресейдің Украинаға қатысты әрекеттері бұған дейін қалыптасқан халықаралық саясаттағы құндылықтарды қайтадан қарастыруды талап етіп отыр. Өйткені, соңғы кездері ресми Мәскеу халықаралық саясатта бұрын соңды болмаған «Орыстілділердің» құқығын қорғаймыз» деген су жаңа түсінікті дүниеге әкелді. Бүгінде бұл түсінік өз мемлекетінде орыс тілді азаматтары бар кез-келген мемлекеттің түн ұйқысын төрт бөліп отыр. Оған айғақ ретінде Чехияның Сыртқы істер министрі Лубомир Заоралектің мәлімдемесін айтуға болады.

Чехияның Сыртқы істер министрі Лубомир Заоралек Чехия аумағына ресейліктерді кіргізбеу керек деген пікірде. Ол егер де біз көшіп келген Ресей азаматтарына Чехия азаматтығын берсек, ертең Украинадағы ахуал біздің басымызға тууы мүмкін деп есептейді. Сондай-ақ, Лубомир Заоралек: «Біз бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Лавровтың бірнеше мәлімдемесіне куә болдық. Олар жердің қай жерінде тұрмасын, өз тілдестерін, өз азаматтарын қорғауға тырысатындықтарын айтты. Бұлай жалғаса берсе біз визасыз режимге көшуге тиіспіз» деді. Чехияның СІМ бұған қоса, тура осы үлгінің Еуродақ аумағында жүзеге асқанын армандайтынын білдірген.

Мақсат Жақау, «АҚЖОЛ» демократиялық партиясы төрағасының кеңесшісі:

– Әр мемлекеттік өзінің жеке позициясын арнайы талдаулар жасау арқылы анықталады. Осындай сәтте Чехияның Ресей азаматтарына азаматтық бермеуге шешім шығарса, бұл халықаралық адам құқықтарына шектеу қойылған болып есептеледі. Әлемнің әр азаматы қай елде еңбек етеді, қай мемлекетте білім алғысы, қайда тұрғысы келеді өзі таңдау жасайды. Сондықтан, халықаралық норма бойынша оның құқығын шектеуге болмайды. Меніңше, Орталық Еуропада орналасқан Чехия Ресейге қатысты ұстанымын мұндай саяси мәлімдемелер арқылы емес, басқа жолдармен көрсетуге тиіс. Өйткені, бұл жерде қарапайым Ресей азаматының құқығы аяқ асты етілуі мүмкін. Ал, Чехия жалпы осы қадамды саяси тұлғаларға, саясатпен айналысатын адамдарға бағыттаса, әңгіме бөлек болар еді.

Рас, Ресей азаматтарына азаматтық бермей қою халықаралық нормаларға қайшы келетін шығар. Бірақ, әлем елдерінің біреуі Ресейге визасыз режим орнатып тастаса, бұл қадамды көптеген мемлекеттер қолдауы әбден мүмкін.

Камал Бұрханов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Украина мен Ресей арасындағы саяси шиеленіс әлемдік саяси қақтығыстарға әкеліп отыр. Чехияның мұндай мәселені қозғауы сол шиеленістің көрінісі секілді. Басқаны айтпай-ақ қоялық, Украинадағы мәселеде ұтылып жатқан – украин халқы. Біз ХХІ ғасырда көптеген үрдістерді ұстануға тиіспіз. Мәселен, қазір азаматтықты желеу етіп, саяси қақтығыс жасауға талпынатын тенденциялар пайда болды. Чехия Сыртқы істер министрінің мәлімдемесінде теориялық негіз бар шығар, бірақ практикада қалай екенін білмейміз. Мысалы, Чехияға барған орыс азаматтары Ресей азаматтығынан бас тартса, оларды қабылдамауға хақылары жоқ. Ал, енді екі елдің де азаматтығын сақтап қалғысы келсе, ондай бұл жайт саясиланып кетеді. Демек, осы жағдаяттар бүкіл әлемге қос азаматтық дегеннің зарарының қандай болатынын көрсетіп берді.

Саясаттанушы Айдос Сарым Чехия Сыртқы істер министрінің мәлімдемесін екі ел арасындағы кекпен байланыстырады. 

Айдос Сарым, саясаттанушы:

– Ең алдымен Чехияның жиырмасыншы ғасырда бір емес, екі рет Ресейдің басқыншылығының құрбаны болғанын еске алуымыз қажет. Чехтар өте намысқой, тарихи жады тірі халық. Сондықтан мұндай қадамға бір жағынан болашағын ойлай отырып барғысы келеді деп бағаласақ, екінші жағынан тарихи кек деп те түсінуге болады.


«Алаш айнасының» түйіні

Украинадағы қақтығыс «орыс тілділердің» құқығын қорғаудан басталғаны белгілі. Бұрын соңды тәжірибеде кездеспеген бұл түсінік, әлем елдерін үркітіп отыр. Мұның соңы «Әлем Ресейге визасыз режим орната ала ма?» деген сұраққа барып тірелуі әбден мүмкін. Сіз не дейсіз?




Көрілген: 1130    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.04.2014, 17:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31