Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әлемдік қауымдастық Қазақстанды Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі деп санайды

04 мамыр 2011, 11:57

Бүгінгі таңда ғаламдық деңгейдегі өте өткір мәселенің бірі – азық-түлік қауіпсіздігі жайы. Ғаламдық өркениет пен электроника, кибернетика, нанотехнология саласында айтарлықтай жетістік­тер­ге қол жеткізе алғанымен, адамзат баласы азық-түлік мәселе­сін әлі де реттей алмай отыр деуге болады.
Бұл үрдістен, әрине, Орталық Азия ел­дері де айналып өте алмасы белгілі. Аталмыш өңір экономикалық тұрғыда ғана емес, халық саны жөнінен де жылдам өсіп келеді. Осыдан болса керек, IV астаналық эко­номикалық форумда азық-түлік қауіп­сіздігі мәселесі, соның ішінде Қазақстанның рөлі айрықша сөз болды. Өйткені ғаламдық азық-түлік жүйесінде Қазақстанның алатын орны ерекше. Яғни азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша деңгейін көтере алатын бірден-бір мемлекеттің бірі – біздің ел. Оны шетелдік мамандардың өздері де мойындап отыр. «Қазақстан – аумақтық және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы  зор мемлекет. Агроөндіріс кешенін да­мытуға қажетті жер және табиғи ресурстары мол. Бұл елде ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып отыр. Өйткені ол мемлекет тарапынан ұдайы қолдауға ие болып келеді. Оның үстіне, аталмыш салаға жаңа экспорт көздерін ашу үшін инвестициялар да көптеп тартылды. Осындай жұмыстар­дың нәтижесінде соңғы жылдары Қазақ­стан – астық пен ұн экспорттау жөнінен көшбастаушы. Ал бұл Қазақстанның жа­һандық азық-түлік нарығы үшін қанша­лықты маңызды екендігін көрсетіп отыр», – дейді «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі ди­ректорлар кеңесінің мүшесі әрі италия­лық «Агротехника» компаниясының ди­рек­торы Джорджио Понци.
Сондықтан да болар, мамандар фо­рум­ның азық-түлік қауіпсіздігіне байла­нысты өткен сессиясында өте салмақты пікірлер білдіріп жатты. БҰҰ Азық-түлік ауыл шаруашылығы ұйымының (UNFAO) бас директоры Жак Диуфтың пікірінше, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі Орталық Азиядағы өңірдегі импорттаушы елдерде өте өткір болып отыр. «Соның ішінде Қыр­ғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбек­стан секілді астықты сырттан тасымалдайтын елдердегі жағдайға ерекше көңіл бөлу қажет. Бұлар, негізінен, ТМД аумағы бо­йын­ша дәстүрлі экономикалық қатынас­тарға тәуелді елдер. Бұл бес мемлекет азық-түлік мәселесін шешу үшін өңірлік-саудалық ынтымақтастықты арттыра түс­кендері дұрыс. Сондықтан да ауыл шар­уашылығы инфрақұрылымдарын, сала тех­нологияларын, оны дамыту мен тә­жірибелер алмасуды дамыту қажеттігін ескер­ген жөн», – деп атап өтті ол. Оның ай­туын­ша, азық-түлік қауіпсіздігін қамта­масыз ету және болашақтың сұранысын қанағаттандыру үшін өндірілетін азық-түлікке қолжетімділік барлық елдер бойынша 70 пайызға, ал дамушы елдерде 100 пайызға артуы керек.
Азық-түлікке қолжетімділік демекші, еліміз баға саясаты мен өнімнің жетімділігін де назардан тыс қалдырған емес. «Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін сөз еткенде, ба­ғаның төмендігі мен оның қолжетімділі­гіне, сонымен қатар осы өнімдердің халық­ара­лық талаптарға сәйкестігіне де мән берген дұрыс. Өнімдеріміздің бағасы қымбат әрі сапасыз болса, қалған істі бос сөз деуге де болады. Еліміз бұл салада біршама жетіс­тік­ке жетті. Аграрлық сектордың даму қар­қыны ерекше. Азық-түлік бағасы, соның ішінде нан бағасы дағдарысқа дейінгі дең­гейде қалып отыр. Айтарлықтай қымбат­шылыққа ұрынған жоқ», – дейді ауыл шар­уашылығы министрі Асылжан Мамыт­беков.
Жак Диуф, БҰҰ Азық-түлік ауыл шаруашылығы ұйымының (UNFAO) бас директоры:
– Азық-түлікпен байланысты жа­һандық жағдайдың адамзатқа айтар­лықтай қауіпті болуы әлі де жалғасып келеді. Әлемде ашаршы­лық­тың сал­дарынан созылмалы ауруға ұшыраған адам­дардың саны барлық халықтар саны­ның 14 пайызын құрайды. 29 мемлекет азық-түлік тапшылығынан жапа шегуде және оларға жедел көмектер қажет етіледі. Жеті мемлекет астық шығыны­ның төмендігі салдары­нан жағымсыз перспекти­валармен күресуде. Әлемде халықтар саны 2050 жылы 9,5 млрд адамға жетуі мүмкін екендігін есептесек, жағдай одан сайын қиындай түсуі мүмкін. Бұл ретте қала халқының саны 70 пайызға жетуі ықтимал.
Джорджио Понци, «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі директорлар кеңесінің мүшесі әрі италиялық «Агротехника» компаниясының директоры:
– Қазақстанның аграрлық саланы қолдауға бағытталған жан-жақты сая­саты мен осы саланы дамыту үшін зама­науи технологиялардың тарты­луы мұн­дағы ауыл шаруашылы­ғы өнім­дерінің көлемін арттырып, экс­порт мөлшерін ұлғайта түсуге мүм­кін­дік берді. Мен ТМД-ға мүше елдердің көбінде жұмыс істедім. Ал Қазақстан экономикасы туралы айтарым: ол үздіксіз дамып келе­ді. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан үшін халықаралық қоғамдастық пен ынтымақтастықты арттыра берудің маңызы зор. Өйткені Қазақстанның агроөндіріс кешенінде жаңа, жоғары технологияларды ен­гізу­де көптеген пайдаланылмаған ре­зерв­тер бар. Осы резервтер Қазақ­стан үшін инвестиция тартуда мол мүмкіндік беріп отыр.