Саяси сахна

Әлемнің ерте ме, кеш пе ядролық қарудан арылатынына сенімдімін ­– Нұрсұлтан Назарбаев

  • Әлемнің ерте ме, кеш пе ядролық қарудан арылатынына сенімдімін ­– Нұрсұлтан Назарбаев

    Әлемнің ерте ме, кеш пе ядролық қарудан арылатынына сенімдімін ­– Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қайта бастау мәселелері бойынша халықаралық онлайн конференциясына қатысушыларға алғыс айтты, &ndash деп жазады «Қазақпарат».

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Нұрсұлтан Назарбаев қоры және Әлемдік экономика және саясат институты бірлесе отырып Халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қайта бастау мәселелері бойынша халықаралық онлайн конференция өткізген болатын.
Іс-шараның басты мақсаты Ядролық қауіпсіздікті қолдайтын және ядролық қарудан азат әлемнің Жаһандық көшбасшылар альянсын (ЖКА) құру идеясын &ndash Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы қарашада Астана клубының 5-ші отырысы барысында жария еткен бастаманы ілгерілету болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отырысқа қатысушыларға алғысын білдірді.

«COVID-19 пандемиясы дағдарысқы ұшыратты. Бірақ адамзат өз тарихында мұндай деңгейдегі тегеуріндермен бұрын да кездесіп, жеңіп келді. Халықаралық бірлестіктер бұл стрес-тесттен де аман өтіп, бұл жолды жеңімпаз ретінде басып өтетініне сенімдімін. Құрметті достар! Биыл әлем трагедиялық датаны атап өтті. Осыдан 75 жыл бұрын ядролық қару бірінші рет жарылған болатын. Содан бері адамдардың бірнеше буыны өсіп жетіліп, Хиросима мен Нагасаки апатын естен шығара бастады. Алайда жаһандық ядролық архитектураға жүргізілген талдау жағдайы бұл бұрыс әрі қауіпті жол екенін көрсетіп отыр», ­&ndash деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, «ядролық бестікке» де-факто ядролық қаруларға ие мемлекеттер де қосылған. Оларға бұл қаруға ие болуға жақын елдерді тағы қосуға болады.

«Екіншіден, ядролық арсеналдың 90 пайызы тиесілі Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасы өте төменгі нүктеде тұр. Үшіншіден, жарылу қаупі бар тағы бір сюжет қиындап барады. Ол ­&ndash Вашингтон мен Бейжіңнің текетіресі. Төртіншіден, АҚШ-тың бәрін тегіс қамтитын әрекеттер жоспарынан шығуы Иран және Солтүстік Кореяның ядролық түйінін шешу жолында қосымша кедергілерді туындатты. Бесіншіден, әлемнің жетекші елдері жоғары технологиялы, оның ішінде ғарыштық қарулану көрсеткішінің жаңа бәсекесін қыздыра бастады», &ndash деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев «Кейбір мәселелер көптің назарын өзіне бұрғанымен, жүрегіңізден орын алған жайтқа көбірек назар аудару керек» деген нақыл сөзді қатысушылардың есіне салды.

«Қазақстан Президенті болған шағымда мен сыртқы саясаттағы жұмысымның біршама бөлігін &ndash ядролық қарудан еркін идеясы мен жетістігіне арнадым. Олай етуімнің себептері де бар еді. Біріншіден, Қазақстан ядролық қару сынағының бүкіл қайғы-қасіретін сезіне білген мемлекет. Семейдегі полигоннан менің 1,5 миллионға жуық отандасым зардап шекті. Менің жарлығым бойынша әлемдегі ең ірі полигондардың бірі 1991 жылғы 29 тамызда жабылды. Бұл шешім &ndash ядролық сынақтарға заңды түрде тыйым салатын адамзат тарихындағы ең алғашқы шешім болатын. Кейін басқа мемлекеттер де өз полигондарын жапты. Осылайша менің елімнің үлгісін басқа елдерде де қолдап, бұл бастама жаһандық сипатқа ие болды. Сонымен қатар бұл шешім 1996 жылы бәріне ядролық сынақтарға жаппай тыйым салған келісімге негіз болды», &ndash деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы Қазақстанның бастамасы бойынша 2010 жылы 29 тамызды &ndash Біріккен Ұлттар ұйымы ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні деп жариялағанын еске салды. Содан бері осы күн бүкіл әлемде жыл сайын аталып өтеді.

«Екіншіден Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қуаты төртінші орында тұрған ядролық қару арсеналынан бас тартты. Тарих бұл қадамның дұрыстығын растап берді. Біз өзіміздің осы батыл үлгімізбен прогрес мен гүлдену жолына бейбіт жолмен жетуге болатынын көрсеттік. Үшіншіден, Қазақстан ядролық қарусыздандыру бойынша барлық келісімдерге қатысты. Осынау маңызды бастамада бізге қосылғандарға алғыс ретінде мен «Ядролық қарусыз әлем мен жаһандық қауіпсіздік үшін» сыйлығын бекіттім. Қазақстанда одан бөлек кез келген мемлекетке бейбіт атом саласын дамытуға мүмкіндік беретін МАГАТЭ банкі құрылды», &ndash деді ол.

Сөз соңында Елбасы кеңеске қатысушыларға жаппай қырып-жоюға бағытталған қаруларға қарсы күрес &ndash оңай емес екенін есіне салды.

«Алайда Рузвельт айтқандай, «Істеген ісіңе сенсең, оның өзі шаруаның жартысын еңсергенің» деп кеткен. Осыған байланысты ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарулар еркін әлем көшбасшыларныың жаһандық альянсын құру жолындағы менің бастамамды қолдаған баршаңызға алғысымды білдіремін. Альянсты құру және мақсатын айқындау жолында қабылдаған ашық мәлімдемеміз &ndash бұл бағыттағы нақты практикалық қадам. Мен Жер шары ерте ме, кеш пе ядролық қарудан босайтынына, менің «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» манифестімнің басты міндеті орындалатынына сенімдімін», &ndash деді Елбасы.

 «Қазақпарат».




Көрілген: 603    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.11.2020, 18:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Желтоқсан 2020
    Әблязов 15 жылға сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31