Әлеуметтік зерттеулерге жаңа бастама

30 қараша 2018, 12:46

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы нақты жүзеге асырылуға тиісті іс-шаралардың нақтыланған жоспары болып табылады.
«Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» атты мақаланың бірінші бөлімінде даланың жеті қыры ретінде атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, Аң стилі, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны айрықша бөліп көрсетілген.
Әлеуметтік ғылымдар саласында қазіргі әлеуметтік процестерге тарихи, ұлттық дәстүрлі өзгерістерді зерттей отырып, оларды жаңғырта отырып, зерттеу әдістемесі мақаланың басты көтеріп отырған мәселесі болып табылады. Президентіміз атап көрсеткендей, кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Қазіргі заман жедел әлеуметтік өзгерістер заманы. Әлеуметтанушылық көзқарас бойынша қазіргі қоғамды әлеуметтік кеңістік пен уақыттың басты индикатор ретінде ала отырып зерттеу керек. Ал мақалада аталған тарихи сананы зерттеу тарихи кеңістік пен тарихи уақытқа байланысты. Осы екі өлшем қосылғанда нақты әлеуметтік өзгерістерді зерттеу шешімі табылады деп есептеймін. Ал тарихи сананы жаңғыртуда даланың жеті қырын жастардың білуі және оларды жаңғырту үдерісіне қатысуы қазақстандық патриотизм мен бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы сияқты белгілерді жас ұрпақ бойына сіңіруде таптырмас орын алады.
Мақала әлеуметтік ғылым саласында, тарихи сана мен мәдениетке баса назар аудару керектігін алға тартады.

Мәнсия САДЫРОВА,
социология ғылымының докторы, профессор