Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әлиевтiң қулығы емес пе?

14 маусым 2011, 18:08

Кеше Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Австрияда тыңшылық әрекет жасады деген күдiкпен ұсталған жергiлiктi екi полицейдiң Қазақстанға қатысын жоққа шығарды. Бұл туралы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров мәлiмдедi.
Оның айтуынша, жақында «Венада қазақстандық арнаулы қызмет пайдасына тыңшылық әрекет жасады» деген айыппен ұсталған австриялық полицейлерге Қазақстан билiгiнiң қатысы жоқ. «Бiз Австрияға ешкiмдi жiберген емеспiз. Бұл iске мүлде қатысымыз жоқ, ешқандай ресми құжаттар да келген емес. Бәлкiм, бұл жанжал Рахат Әлиевтiң ойлап тапқаны болуы керек» деп мәлiмдедi Кенжеболат Бекназаров.