Әлихан Смайылов Қырғызстан Президентімен кездесті

29 сәуір 2022, 20:00

Жұма, 29 сәуірде Бішкекке жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қырғызстан стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады, атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық және шекара маңы ынтымақтастығын нығайтуға ерекше назар аударды.

 

Әлихан Смайылов екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылын жоғары бағалай отырып, Қазақстан Үкіметінің биыл қазан айына жоспарланған Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерін өткізуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

 

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Қырғызстан Президентін Үкіметаралық кеңестің 10-шы отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтар туралы хабардар етті.