Саяси сахна

Әлия Назарбаева "Сыйлық 1 наурызда тапсырылады": Әлия Назарбаева желіде жазба жариялады

  • Әлия Назарбаева

    Әлия Назарбаева "Сыйлық 1 наурызда тапсырылады": Әлия Назарбаева желіде жазба жариялады

Алматыда 2021 жылдың 1 наурызында ADAM BOL AWARDS кейіпкерлерін марапаттау рәсімі өтеді, деді Әлия Назарбаева. Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева ADAM BOL AWARDS жүлдесі қашан берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Құрметті достар! ADAM BOL AWARDS сыйлығына дауыс беру аяқталып қалды. 20 ақпанда батырлардың есімін білеміз. Бұған дейін олардың батыл әрекеті үшін тек жақындары, достары мен көршілері алғыс айтса, енді бүкіл ел алғыс білдіреді", - деп жазды Әлия Назарбаева.

Оның айтуынша, Алматыда 2021 жылдың 1 наурызында ADAM BOL AWARDS кейіпкерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

"Біз сарапшылармен және өзіміздің командамен бірге лауреаттармен әңгімелесуді, олардың оқиғасын тыңдауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, әрқайсының қолын алып, алғыс айтқымыз келеді. Баршаңызға сәттілік тілеймін", - деді Назарбаева.

Сонымен қатар ол қазақстандықтардың бұл жүлдені ықыласпен қабылдағанын, елімізде жанашыр әрі батыл адамдардың көп екенін атап өтті.

Айта кетейік, ADAM BOL жүлдесі адамдарды, жануарларды, табиғатты құтқару секілді игі істер атқарып жүрген адамдарға арналған. Бұл жобада елдің кез келген азаматы танысының жасаған іс-әрекеті туралы маңызды оқиғаны айта алады.




Көрілген: 1203    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 13:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30