Саяси сахна

Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды

  • Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды

Серік Құсайынов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Серік Құсайынов Алматы Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Серік Құсайынов 1964 жылы 8 мамырда Алматы облысының Шамалған станциясында дүниеге келген.

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-электрик» мамандығы бойынша, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.

Әр жылдары Алматы коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор, қаланың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы әкімі аппаратының басшысы, Алмалы ауданының әкімі болған.

ҚазАқпарат.




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 10:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30