Саяси сахна

Алтын жаңа валюта болады ма? Қаржы министрі қауесетке жауап берді

  • Алтын жаңа валюта болады ма? Қаржы министрі қауесетке жауап берді

    Алтын жаңа валюта болады ма? Қаржы министрі қауесетке жауап берді



Премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов ЕАЭО-ға бірыңғай алтын  валюта енгізу туралы қауесетке жауап берді. Ол Қазақстан өзінің ұлттық валютасы-теңгесін сақтап қалатынына сендірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Алтын жаңа валюта болады ма?


"ЕАЭО аясында оның мүше елдерінде бірыңғай валюта енгізу мәселесі ешқашан қарастырылмағанына сендіргім келеді. Ол ЕАЭО күн тәртібінде тұрған жоқ", - деді Әлихан Смайылов Петербург Халықаралық экономикалық форумының кулуарларында. Ол еуразиялық интеграцияның бағыттары 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартта белгіленгенін атап өтті.


"ЕАЭО туралы келісіммен де, басқа да негіз қалаушы құжаттармен де ЕАЭО кеңістігінде бірыңғай валюта енгізу қарастырылмайды. Ақша-кредит саясаты толығымен ұлттық органдардың қарамағында. Бірыңғай валютаны енгізу ел егемендігінің бір бөлігін жоғалтуды білдіреді. Бұған жол беруге болмайды. Қазақстан өзінің ұлттық валютасын сақтап қалады", - деді Смайылов. Ол Қазақстанның Ұлттық банкі өзінің тәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастыратынына сендірді.


Естеріңізге сала кетейік, мессенджерде Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде бірыңғай валюта енгізу мүмкіндігі туралы мәлімдейтін белгісіз екі әйелден аудио хабарлама пайда болған еді. Сондай-ақ, монеталар мен ұсақ ақшаларды жақындап келе жатқан девальвацияның салдарынан алып тастайтыны айтылған.


 



 

 




Көрілген: 918    Пікірлер: 0

сенбі, 08.06.2019, 16:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31