Amanat партиясының төрағасы президент сайлауына қатысу туралы сауалға жауап берді

27 сәуір 2022, 14:07

Мәжіліс спикері және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов президенттік сайлауға кандидатурасын ұсыну туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қошанов мәжіліс кулуарында журналистердің прзиденттік сайлау туралы сауалына: 

"Қарастырмаймын. Жоспарымда да, ойымда да жоқ", - деп жауап берді. 
Қошанов ертең аймақтық партия филиалдарымен жиын өткізіп, алдағы жоспарды талқылайтынын жеткізді.
Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының құрамынан шықты. Партияға жаңа төрағаны ұсынды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Amanat партиясының жаңа төрағасы болып сайланды.