Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты ретінде ант берді

09 наурыз 2022, 11:12

Ол Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Аманжол Әлтай депутат ретінде ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді А. Әлтай.

Сонымен қатар, бүгін палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаты А. Әлтай Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «AMANAT» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды