Саяси сахна

"Анам ұрысып отырса да, мақал-мәтелдетіп ұрысушы еді": Тасмағамбетов былтыр өмірден озған анасын еске алды

  • "Анам ұрысып отырса да, мақал-мәтелдетіп ұрысушы еді": Тасмағамбетов былтыр өмірден озған анасын еске алды

Бұрынғы премьер-министр, Ресейдегі Қазақстанның экс-елшісі Иманғали Тасмағамбетов анасының өмірінде қандай рөл атқарғанын айтып, жас қазақстандық өнерпаздар жайлы ойын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі"Қазақ әдебиеті" басылымына сілтеп хабарлайды.

Журналистің ел құрметтейтін танымал тұлға болып қалып­тасуына анасының қандай ықпал еткені туралы сауалына Тасмағамбетов: 

 
"Елдің берекесі &ndash сол елді жетелеген тұл­ғаларға емес, ең алдымен, осындай тұлғаларды тәрбиелеген Аналарға байланысты. Бір ғана айтарым &ndash Апам өзінің ғасырға жуық ғұмырында тағдырдың қиындығы мен қызығын қатар кешіп, мәнді де мағыналы өмір сүрді. Бойын­дағы бар игі қасиетін тәрбиеге салып, ұр­пағына тәлім, ұлтына өсиет етті. Ақырына дейін Аллаға құлшылық етіп, құран-дұғасынан ұдайы ел мен жердің берекесін, халқының мерекесін тілеп өтті", - деді ол.

Саяси қайраткер анасының тәрбиесін, қылықтарын тілге тиек етіп, ол кісінің ашу үстінде де байсалдығын жоғалтпайтын текті кісі болғанын жеткізді.

"Анамыздың ерекше бір әдеті еске түсіп отыр. Әрине, жас болған соң балалық болады, қай бір істе шалалық болады. Осындайда Апам кейістік танытып, кейпін өзгертсе де, шайпаулыққа салынып, сөзінің көркін бүлдірген емес. Ұрысып отырса да, мақал-мәтелдетіп ұрысушы еді. Оның санаға әсері тіпті ерекше болады екен", - деп еске алды анасын Тасмағамбетов.

Мемлекеттік қызметке алғаш келгенде анасы әке көрген, ана көрген, тәрбиелі жерден шыққан азамат екенін үнемі естен шығармауын аманат еткен. 

"Әлі есімде, оқу бітіріп, елге келдім. Жаспыз, жігер-жалынымыз жанып тұр. Жастардың жұмысына араласып, көп ұзамай Атырау қалалық Комсомол ұйымының төрағалығына сайландым. Жаңалықты алып-ұшып бірінші Апама жеткіздім. Сонда айтқаны: «Е-е, балам-ау, қызметің еленіп, көтерілгенің жақсы. Бірақ, бұрын әке-шешенің абыройын ағайынның алдында арқалап жүрсең, енді ағайынның ар-ұятын бүкіл аймаққа апара жатырсың. «Қандай тәрбие көрген» дегізбе. Аманатыңа берік бол». Қандай жауапкершіліктің жүгін арқалап тұрғанымды сонда түсіндім. Ана­мыз­дың бұл сөзі қай қызметте болсам да бір сәт­ке де есімнен шыққан емес. Бүгінгі жеткен азды-көпті жетістігіміз болса, ең алдымен Ана­мыз­дың ақ сүтіне жарыған, тектілігінен дарыған қасиетінің жемісі деп білемін", - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, Тасмағамбетовтің анасы 2019 жылы 21 желтоқсанда өмірден өтті. 

Қазіргі өскелең ұрпақ туралы Тасмағамбетов оң пікірде. Айтуынша, олар жаңа технологиялардың арқасында жастар мейлінше ашық әрі толерантты болып қалыптасуда.

"Өзімнің де өсіп келе жатқан немерелерім бар, олардың дос-жараны, айналасы бар&hellip Бай­қағаным, олардың арасында мансап қуу, атақ-дәрежеге жетуден бұрын, өз ісіне берілгендік, қарапайымдылық, креативті болу деген қасиеттер қатты бағаланады. Оның жарқын мысалын заманауи мәдени форматтарда, жаңа өнер түр­лері­нің жаппай таралуынан да көріп жүрміз", - дейді.

Өкінішке орай, соңғы жылдары еліміздің өзіне қол салған азаматтардың статистикасы бойынша әлемде алғашқы үштікте тұрғаны Тасмағамбетовтің де көңіліне кірбің салады.

"Қазақстан 15-29 жас аралығындағы жастар ара­сында суицид бойынша алғашқы үштікке кіреді. Бұл еліміз үшін өте ұятты көрсеткіш. Өйт­­кені, жасампаз әрі шығармашыл жастарды жо­­ғалту &ndash ұлттық трагедия. Басқаша айта алмай­сың&hellip Оның себебін өз басым қайта құру ке­з­еңін­­дегі ұрпақтың санасындағы төңкеріс пен жаңа либералды жастар көзқарасындағы айырмашылықтан көремін. 90-шы жылдардың барлық ауыртпалығына өзіңіз де куә болдыңыз. Ондай күйзелісті көрмеген ұрпақтың стресске қарсы тұруға осалдығы байқалады. Сол қайта құрудың бел ортасында жүріп «ала сөмке» ар­қала­ған ата-аналарын көп жағдайда түсінбей жатады", - деп Тасмағамбетов жастардың ақырғы қадамға баруының себебін іздеп көрді. 

Бұған қоса, зейнеттегі саясаткер белгілі әнші Димаш Құдайберген жайлы сөз қозғады. 

"Бір нәрсе анық &ndash Димаш ешкімнің қамқорлығына зәру емес. Жиырмадан енді асқан шағында өнеріне миллиардтарды табындырған жан &ndash шын мәнінде маңдайынан періште сүйген жан. Ұлтына рух беріп, халқының жанын емдеген әнші. Арғы-бергі заманда қазақты осындай биікке көтерген кім бар? Ана әлемді қолымен тербетсе, Димаш әнімен тербетті. Міне, көзінен жас аққанша қолпаштаған сол әлемге қарап отырып, осыны түсінесің.

Әрине, аққан бұлақтың көзін ашып, арнасын тазалап тұру азаматтық ардың ісі. Жалпы, қай кезде де тума таланттарды қолпаштап, қамқор болуға емес, қолымыздан келгенше қолдауға тырысайық. Сөз жоқ, жазиралы жеріміз талант­тарға кенде емес.

Сондықтан да, Димаш Құдайберген, Дәнелі Төлешова, Ержан Мақсым сияқты балауса таланттарымызды қолдауға әр қазақ асығуы тиіс", - деді Тасмағамбетов.




Көрілген: 882    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 16:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31