Саяси сахна

Ангела Меркель Еуроодақ пен Ресей арасында саммит өткізуді ұсынды

  • https://www.ukrinform.ru/

    https://www.ukrinform.ru/

Еуропа елдерінің басшылары Ресей президентімен келіссөз өткізу жөнінде ортақ шешімге жете алған жоқ. Брюссельде өткен Еуроодақ саммитінде босқындар мәселесі талқыға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Алайда басқосу негізгі мақсатына жете алмаған секілді. Себебі Еуропа елдерінің басшылары Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз өткізу жөнінде ортақ шешімге жете алған жоқ.

 

Германия және Франция ұсынған осы бастамаға 10 мемлекеттің басшысы қарсы шықты. Саммитте талқылаған басты тақырыптар коронавирус пандемиясы және заңсыз миграцияға қарсы күрес болды.

 

Алайда негізгі пікірталас Ресеймен қарым-қатынас жөнінде өрбіді.

 

Еуропалық елдердің басшылары Владмир Путинмен жоғары деңгейде кездесу өткізу ұсынысын қолдаған жоқ. Саммитке қатысушылар қайта Ресей Федерациясына салынған санкциялардың мерзімін жарты жылға ұзарту туралы ұсыныс төңірегінде бірігіп, ортақ шешімге келді.

 

Демек, Ресей тағы алты ай тыйым құрсауында қалады.

 

Матеуш Моравецкий, Польша премьер-министрі:

 

- Озбыр саясат жүргізіп, бізге және көршілерімізге гибридті шабуылдар жасап жүрген кезде, мен қауіпсіздігіме жасалған соңғы кибершабуылды айтып отырмын, жоғары деңгейде диалог құру қиын шығар.

 

Еуроодақ пен Ресей арасында саммит өткізуді ұсынған Ангела Меркель «Ресеймен тікелей сөйлесуге мүмкіндік табудың мәнісі бар», дейді.

 

Ангела Меркель, Германия канцлері:

 

- Қырғи-қабақ соғысы кезіндегі күрделі жағдайда үнемі келіссөздер өткізілгенін есте сақтауымыз керек. Жеке-жеке ел ретінде емес, бүкіл Одақ бірлесіп, Ресеймен келіссөз жүргізу дұрыс болар деп санаймын.

 

Қорытынды мәлімдемесінде Одақ басшылары миграцияны реттеуге бағытталған шаралар қабылдайтынын жариялады.

 

Еуроодақ өз бюджетінен Түркиядағы сириялық босқындарды қолдауға 3 миллиард доллар және Иордания мен Ливандағы босқындарға тағы 2 миллиард 200 миллион доллар бөлетін болды.

 

 

24.kz




Көрілген: 715    Пікірлер: 0

сенбі, 26.06.2021, 17:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30