Саяси сахна

"Антикоррупция" пәнін коррупция бар жерде оқыту күлкі туғызбай ма?

  • ©Алаш айнасы иллюстрациясы

    ©Алаш айнасы иллюстрациясы

«Мектептің оқу бағдарламасына коррупциямен күрес пәнін енгізу туралы ұсыныс құлаққа түрпідей тигенімен, меніңше, бұл бүгінгі заманның талабы, сондықтан оны қолдау керек деп білемін» дейді заң ғылымдарының докторы, профессор Арықбай Ағыбаев осы негізде мәселе көтерген «Алаш айнасына» берген пікірінде.
- Өкінішке қарай, парақорлық деген лас дүние жақсы адам тәрбиелеп шығуы тиіс киелі мектебімізбен қатар, тіпті балабақшаға да жетіп алды. Заң талап етілмеген жерде құқық бұзылады. Сондықтан, егер бұл пән мектеп қабырғасында оқытылатын болса, онда білім ордасына арнайы маман - заңгер барады. Заңгер балалармен қатар, ата-ана құқығын, мектептің құқығын тәмпіштеп түсіндіріп, бұл саладағы мәселелерді белгілі бір деңгейде оңалтуға үлес қосар еді деп ойлаймын. Егер ол мұғалімдер агенттіктің жолдамасымен барып жатса, тіптен жақсы. Ондай жағдайда мектеп, балабақша басшылығының оған тісі батпас еді. Осылайша бұл саладағы дауды ауыздықтауға мүмкіндік алар едік. Тағы бір жағынан, параның жаман нәрсе екенін, ол үшін жаза барын білген балалар жастай мұндай жаман әдеттен аяғын тартып жүруге дағдыланады.
Сондай-ақ ғалым «орта мектепте көп сағаты қысқарып кеткен «Құқық негіздері» бойынша қамтылмай жатқан тұстарды бұл пән толықтыра түсер еді», - дейді.
Ал заңгер Кәрібай Тасшабаев еліміздегі сыбайлас жемқорлық бойынша солқылдақ заңдар барда бұл пәннен пайда жоқтығын айтады.

- Жазаны қатайту керек. Бақылауды күшейту қажет. Бізде қазір бұл екеуі де жоқ. Сондықтан парақорлық барлық деңгейде үдеп тұр. Тамыры тереңге жайылған дертті мектепте оқытылатын бір пән «емдей» алмайды. Шіркін, Сталин болса ғой деген сөзді мен жиі естимін. Әрине, қызыл көсемнің ұлтымыз үшін әкелген зобалаңы орасан, бірақ ол жазаны қатаң кесті, содан соң елде тәртіп болды. Қоғамдағы бұл көңіл-күй сыбайлас жемқорлық мәселесінің елімізде әбден шегіне жеткенін байқатады, - дейді ол.
Айта кетелік, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстандағы жоғары оқу орындарында, мектептерде, тіпті, балабақшаларда «Антикоррупция» деп аталатын пән енгізуді ұсынып отыр. Олардың ойынша, осы пән арқылы балалар жас кезінен парақорлықтың зияндығын санасына сіңіріп өседі.
Бір мәлімет...
Арнайы жүргізілген зерттеуге сүйенсек, еліміздегі ата-аналардың 29 пайызы мектеп қажеттілігіне деп тұрақты түрде ақша өткізіп отырады. Ал 76 пайызы жылына кем дегенде бір рет әртүрлі деңгейдегі алым-салық төлеп тұратынын мәлім еткен. Жиналған ақшалар мерекелерді атап өтуге, мектеп директорлары, олардың орынбасарлары мен мұғалімдерге сыйлық алуға жұмсалады. Кейбір мектептерде күзетшінің жалақысы да ата-аналар есебінен төленеді екен. Мұндай мәліметтер былтыр «Нұр Отан» партиясы жанындағы білім және ғылым мәселелері жөніндегі сараптама тобының отырысында көтерілген. Бұл жиында еліміз тәуелсіздік алған жылдары біраз қиындықтарды бастан өткеріп, білім саласы да қаржы жеткіліксіздігінен қатты қиналғандықтан, арнайы «мектеп фонды», «сынып қоры» деген қорларды амалсыздан құрылғанын айтқан депутттар бүгіндері ақша жинайтын мұндай көздерді құрту керек дескен. Бірақ бұл сөз айтылған жерінде қалған секілді. Мектептегі қолдан ұйымдастырылатын алым-салық «баяғы жартас сол жартас күйінде» қалуда.

Автор: Кәмшат Сатиева




Көрілген: 3714    Пікірлер: 1

жұма, 27.02.2015, 15:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 00:45
    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30