А.Перуашев: Парламенттік тергеу жүйесі керек

06 маусым 2022, 18:05

Жемқорлыққа барған немесе қызметі тиімсіз жоғары лауазымды тұлғаларды анықтап, қылмысы мен кемшілігін әшкерелеу үшін Парламенттік тергеу институтын енгізу керек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашев айтты.

 

Бүгін партияның фракциялық отырысында саяси бірлестік басшысы референдум нәтижесін талқылады.

 

Мәжіліс депутатының айтуынша, Президентпен бірге олардың өкілдері саналатын әкімдер де ешбір саяси партия құрамында болмауы қажет. Осындай нормасы бар бастаманы «Ақжол» партиясы алдағы уақытта енгізуге ниетті.

 

Азат Перуашев, «Ақжол» партиясының төрағасы:

 

- Жергілікті билікке келсек, мысалы әкімдер олар жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі туралы заңға сай, олар жергілікті меморгандардың басшылары ғана емес, олар сонымен қатар Президенттің өкілдері деп саналады. Егер президенттің өзі ешбір партияға жатпаса, оның өкілдері партияға мүше бола ала ма, жоқ па? Меніңше жоқ. Сондықтан осындай талапты енгізуіміз керек сияқты.