Саяси сахна

Арменияның премьер-министрі отставкаға кетті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті. Бұл туралы ол жексенбі күні халыққа үндеуінде мәлімдеді.

 

Армения министрлер кабинеті басшысының отставкасы техникалық сипатқа ие және ағымдағы жылдың 20 маусымында өтетін кезектен тыс парламенттік сайлауды өткізу үшін қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Жексенбі, 25 сәуір күні Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян ұлтқа үндеуін жариялады. Өз сөзінде ол отставкаға биылғы жылдың 20 маусымында кезектен тыс парламенттік сайлауды өткізу үшін кетіп жатқанын мәлімдеген.

 

«Конституциялық ережелер мен Парламенттің таратылуын іске асыру үшін мен бүгін отставкаға кетемін», - деді Никол Пашинян.

 

Сондай-ақ ол сайлау өткізілгенге дейін премьер-министрдің міндеттерін толық көлемде атқаратуды жалғастыратынын айтты.

 

Еске сала кетсек, Арменияда Таулы Қарабақта әскери қимылдарды тоқтату туралы үшжақты өтінішке қол қойылған соң күрделі ішкі саяси жағдай орын алған. Оппозиция көшеге шығып, премьер-министрден өз қызметін босатуды талап етті. Ел президентімен өткізілген кеңестерден кейін парламенттік фракциялар 2021 жылдың 20 маусымында кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуге келісті.

 

 

 




Көрілген: 1420    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 23:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30