Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Арнайы жасақтар Францияда даярланады

07 маусым 2011, 18:16

Елiмiздiң арнайы әскери жасақтарының Францияда дайындықтан өтуiне мүмкiндiктерi бар. ҚР Қорғаныс министрлiгiнiң баспасөз қызметi таратқан мәлiметке сәйкес, бұл мәселе екi ел мамандарының кездесуiнде талқыланған.
Қазақстан Қарулы Күштерiнiң шетелде маман даярлау жөнiндегi Бас басқармасының бастығы Игорь Мұхамедов пен Қазақстандағы Франция елшiлiгi жанындағы әскери атташе Жан-Марк Бабю арнайы жасақ бөлiмшелерiмен бiрге, парашютшiлердi, автоматтандырылған жүйелердi басқару мамандарын, саперлер мен басқа да әскерилердi дайындықтан өткiзу мүмкiндiктерiн қарастырды. 2004 жылдан берi Францияның әскери оқу орындары мен арнайы курстарында барлығы отызға жуық қазақстандық маман бiлiм жетiлдiрген.