Саяси сахна

Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі болып тағайындалды

  • © 24.kz

    © 24.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың сайтында жарияланды.


Асхат Аймағамбетов 1982 жылы туған. Үш жоғары білімі бар. 2003 және 2006 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2009 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдап, «саясаттану ғылымдары» бағыты бойынша РhD (саясаттану докторы) ғылыми дәрежесін иемденді.


Еңбек жолын 2002 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік ниверситетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің маманы ретінде бастаған.


2004-2005 жылдар аралығында «Ансар» жастар лигасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Медиа СП» ЖШС директоры болған.


2005-2012 жылдар аралығында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының доценті болып қызмет атқарған. Қарағанды қалалық мәслихаты III және IV шақырылымының депутаты болды.


2012 жылдың ақпан айынан бастап мемлекеттік қызметте. Жаңа қызметке тағайындалмас бұрын Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.


2014-2017 жылдар аралығында Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы болды.


2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызға дейін Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы лауазымында болды.


2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі.


2019 жылдың қаңтарынан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


24.kz


 




Көрілген: 597    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.06.2019, 15:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31