Саяси сахна

Асқар Мамин «Франция-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесті

  • https://primeminister.kz/

    https://primeminister.kz/

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Франция-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Жерер Фриестің жетекшілігімен палата өкілдерін қабылдады.


«Франция Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктестерінің бірі. Біздің елдеріміздің арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамуда. Француз компаниялары энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау және Қазақстан экономикасының басқа да секторларында кеңінен тартылған», — деді А. Мамин.


Биыл 9 айда Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 6%-дан астамға $3,4 млрд-қа дейін өсті. ҚР экономикасына тікелей француз инвестицияларының ағымы осы жылдың бірінші жартысында 24%-ға $537 млн-ға дейін артты.


Қазақстанда түрлі салаларда француз капиталының қатысуымен 230-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде Total, Orano, Alstrom және басқалары тәрізді ірі трансұлттық корпорациялар бар. Тәуелсіздік жылдары Франция компаниялары Қазақстанға $16,4 млрд-тан астам инвестиция салды.


Үкімет басшысы мен француз компаниясының өкілдері екі елдің бизнес құрылымдары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанда бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.


Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі М. Тілеуберді, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, қаржы вице-министрі Р. Бекетаев қатысты.


 primeminister.kz




Көрілген: 192    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 15:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30