Саяси сахна

Асқар Мамин: Отанды қорғау қашанда қасиетті борыш саналған

  • Асқар Мамин: Отанды қорғау қашанда қасиетті борыш саналған

    Асқар Мамин: Отанды қорғау қашанда қасиетті борыш саналған

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті қазақстандықтар, баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – ерліктің, ар-намыстың, батылдық пен патриотизмнің символы.

Отанды қорғау біздің ата-бабаларымыз үшін қашанда қасиетті борыш саналған. Сол аға ұрпақтың даңқты дәстүрін бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері абыроймен жалғастырып келеді!

Біздің армиямыз елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуден бастап, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, сондай-ақ пандемияның таралуына қарсы бағытталған ауқымды міндеттерді тиімді шеше отырып, мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын күзетуде. 

Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтып, еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, құқық қорғау органдарының және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, әскери жиындарға шақырылған әскери қызметке міндетті азаматтар мен өзінің қызметтік борышын атқарып жүрген қазақстандықтар да қомақты үлесін қосуда.

Барлық әскери қызметшілерге мықты денсаулық, бейбітшілік пен аман-саулық, Отанға алдындағы игілікті істеріне табыс тілеймін!», - деді Асқар Мамин.




Көрілген: 603    Пікірлер: 0

жұма, 07.05.2021, 11:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30