Асқар Мамин Өзбекстан президентімен кездеседі

01 қараша 2019, 11:50

Бүгін 2 қарашада Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Өзбекстанның Ташкент қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары Кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Ташкентте Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің кездесуі өтеді.

ШЫҰ ҰБК отырысының күн тәртібінде — ШЫҰ мүше мемлекеттерінің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы одан әрі өзара іс-қимылының перспективалары мен өзекті мәселелері. Қорытындысы бойынша сауда, ауыл шаруашылығы, экология, цифрландыру, транзит және көлік салаларында бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.

BAQ.KZ.