Саяси сахна

Асқар Мамин Стамбұлда Қазақстан–Түркия Үкіметаралық комиссиясының отырысына және бизнес-форумға қатысады

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

2019 жылғы 10-11 қарашада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркия Республикасына жұмыс сапары аясында Cауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан–Түркия үкіметаралық комиссиясының XI отырысына және Қазақстан–Түркия бизнес-форумына қатысады.


Сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Асқар Мамин мен Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның кездесуі жоспарланған.


Қазақстан–Түркия бизнес-форумына 150-ден астам қазақстандық және 700 түрік компаниясының өкілдері қатысады. Форум жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин түрік бизнесінің көшбасшыларымен, оның ішінде Yildirim, Ronesans, Kibar, Calik, Koc, Zorlu, Eczacibasi холдингтерінің басшылықтарымен бірқатар кездесулер өткізеді.


Форум қорытындысы бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту, туризмді, тұрғын үй құрылысын, сондай-ақ, көліктік-логистикалық секторды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы 20-ға жуық құжатқа қол қою жоспарланған.


 primeminister.kz




Көрілген: 211    Пікірлер: 0

сенбі, 09.11.2019, 13:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30