Саяси сахна

Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту және ҚР төмен көміртекті экономикаға көшуі мәселелері қаралды.

 

«Жасыл экономиканы» дамыту және жаңартылатын энергия көздеріне шетелдік инвестицияларды тарту перспективалары туралы 26-шы климаттық саммиттің өңірлік елшісі Дэвид Морган, Америкалық сауда палатасының ҚР-дағы атқарушы директоры Дорис Брэдбюри, Қазақстанда аккредиттелген АҚШ елшісі Уильям Мозер, Нидерланды елшісі Андре Карстенс, Канада елшісі Николя Бруссо, Халықаралық энергетика агенттігі бас директорының орынбасары Мэри Уорлик, ҚР-дағы ЕҚДБ өкілдігінің директоры Агрис Прейманис, сондай-ақ GE, Chevron, Morgan Lewis және т. б. компаниялардың өкілдері баяндама жасады.

 

Қабылданған шаралар туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков ақпарат берді.

 

Қазақстан экономикасын декарбонизациялау және энергия тиімділігін арттыру мәселелері, Париж келісімі бойынша міндеттемелерді орындау тетіктері, климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялық жобаларды іске асырудың практикалық аспектілері талқыланды.

 

«2020 жылғы желтоқсанда БҰҰ аясында ұйымдастырылған Климаттық амбициялар жөніндегі саммитте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсаты туралы жариялады. Біз энергия өндірісінің жалпы көлемінде жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру бойынша барынша күш-жігер жұмсаймыз. Мәселен, 2020 жылғы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 3%-ды құрады, 2022 жылы оны 6%-ға дейін екі есеге арттыру жоспарлануда. 2030 жылға қарай Қазақстанның энергетикасындағы жасыл энергияның үлесі 15%-ға дейін жеткізіледі», — деді А. Мамин.

 

Үкімет басшысы 2020 жылы ҚР-ның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асырудың 2021-2030 жылдарға арналған жаңартылған іс-шаралар жоспары қабылданғанын атап өтті.

 

Жоспар ЕО серіктестерімен тығыз ынтымақтастық орната отырып әзірленді, онда ел алдында тұрған аса елеулі экологиялық сын-тегеуріндерді жою жөніндегі шаралар қарастырылған. Жоспарланған іс-шараларды орындау әлемнің аса дамыған 30 экономикасының тізіміне кіру жөніндегі мақсатқа қол жеткізген кезде Қазақстанның «жасыл» өсім бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Премьер-Министр Қазақстанның баламалы энергетиканы дамыту үшін инвестициялық ортаны жақсарту жөнінде шаралар қабылдағанын атап өтті.

 

«Біз жаңартылатын энергия көздерін өндірушілерді қолдау және нарықтың инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша бірқатар кешенді шара қабылдадық. Мәселен, сұраныс құрылымын өндірушілер үшін барынша болжамды әрі елеулі ету үшін жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондар енгізілді. Соның нәтижесінде соңғы 6 жылда ЖЭК-тің белгіленген қуаты шамамен 10 есеге – 2014 жылғы 180 МВт-тан 2020 жылы 1650 МВт-қа дейін ұлғайды», — деді А. Мамин.

 

Тұрақты даму міндеттерін іске асыру мақсатында Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, ол ҚР-да жаңартылатын энергия көздерінің озық технологияларын жедел енгізуге ықпал ететін болады.

 

Қазақстанның 50 ірі кәсіпорны өзінің өндірістік процесінде ең озық қолжетімді технологияларды пайдалануды кеңейтуге міндетті болады.

 

 

 

 

primeminister.kz

 

 




Көрілген: 715    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 22:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31