Саяси сахна

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау талаптары өзгерді

  • https://newtimes.kz/

    https://newtimes.kz/

ҚР Үкіметі әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне зейнетақы тағайындау туралы қаулыға өзгерістер енгізілді. ҚазАқпарат қаулының толық мәтінін жариялайды.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі №237 Қаулысы «Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1500 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

«Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1023-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

 

1-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

 

«3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтер және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ оның орналасқан орны бойынша жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға»;

 

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

 

«5) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы филиалдары;»;

 

7-тармақта: тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

 

«1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты);»; тармақша алып тасталсын; 5) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;

 

6) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

 

«Құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайлардан басқа, құжаттардың көшірмелерін ұсынылған түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін бөлімшенің лауазымды адамы куәландыруға тиіс»;

 

9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

 

«Мүгедек болып табылатын алушының еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, онда уәкілетті мемлекеттік орган «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 5-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне қосымша ақы белгілейді»;

 

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

«11. Уәкілетті мемлекеттік органдар Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 1-ИУ, 1-ВС нысандары бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған үзінділерді бір данада немесе электронды түрде береді»;

 

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

«14. Мемлекеттік корпорацияның филиалдары үзінділер келіп түскен кезде оларды осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үзінділерді тіркеу журналында тіркейді және «Зейнетақыларды және жәрдемақыларды төлеу жөніндегі орталықтандырылған дерекқор» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде алушылардың карточкаларын қалыптастырады және карточкаға тиісті деректерді не олар бойынша өзгерістерді енгізеді. Мемлекеттік корпорацияның филиалдары үзінділер, төлемдерді тоқтата тұру немесе тоқтату туралы хабарламалар электронды түрде келіп түскен кезде оларды осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үзінділер мен хабарламалар туралы мәліметтерді электрондық тіркеу журналында тіркейді»; көрсетілген Қағидаларға 1, 9, 11-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 7-1-қосымшамен толықтырылсын.

 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

 




Көрілген: 2117    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 14:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30