Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті

16 қаңтар 2022, 17:22

Қайрат Оразбаев Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Оразбаев өз еркімен кету туралы өтініш жазған. Соның негізінде облыс әкімі оны 14 қаңтардан бастап қызметінен босаттты. Қазіргі кезде оның орынбасары Жұмабек Қаражанов әкімнің міндетін атқарып жатыр.

 

Бұған дейін Атырау әкімінің 31 желтоқсанда еңбек демалысына шыққаны туралы ақпарат тарады. Ал 10 қаңтарда оны жұмысқа шақырып алған. Сол кезде қалада және басқа да аймақтарда наразылық акциялары өтті.

 

Артынан Оразбаев денсаулығына байланысты тағы демалыс алып кеткен. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары оның митингке шыққан халықпен кездеспегені туралы жазды. Сол үшін сынға ұшырады.

 

Оразбаев қала әкімі қызметінде бір жылдай жұмыс істеді. Бұған дейін мұнай-газ компанияларында басшы қызметтер атқарды.

 

 

 

sputnik.kz