Саяси сахна

Атырау облысының әкімі отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасарының кінәсі дәлелдеген жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, кез келген саяси қызметшіге тікелей бағынышты қызметкер сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталса, ал ең бастысы, сотта оның кінәсі дәлелденсе, оның басшысы отставкаға кетуі керек. Мен де осы заңға бағынамын. Сондықтан тиісті сот шешімі шықса, бәрін заң бойынша жасаймын", - деді Досмұхамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

 

Айта кетейік, өткен жылы қыркүйек айында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев және облыстық құрылыс басқармасының басышысы Тимур Басаров ұсталған болатын.

 

Оларға Күлсары қаласында жаңадан салынған емхана кешенін қабылдау туралы актілерге қол қойғаны үшін 185 миллион теңгенің парасын алды деген айып тағылды.

 

Екеуі де жаңа қызметте көп жұмыс істеген жоқ. Біреуі мамыр айында келсе, екіншісі маусымда тағайындалған болатын.

 

 

 

 




Көрілген: 1700    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 12:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31