Саяси сахна

Ауғанстанда мектепке шабуыл жасалып, 50 адам мерт болды

  • Ауғанстанда мектепке шабуыл жасалып, 50 адам мерт болды

    Ауғанстанда мектепке шабуыл жасалып, 50 адам мерт болды

Қаза тапқандардың көбі - мектепте оқитын қыздар.

Ауғанстанда мектепке жасалған шабуылдан кемі 50 адам мерт болды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 9 мамырда Ауғанстан астанасында содан бір күн бұрын жасалған теракті салдарынан қаза тапқандарды жерледі.

Телеарна мәліметінше, сенбі, 8 мамырда түстен кейін Кабулдың батыс бөлігіндегі, негізінен исламның шиит бағытын ұстанатын хазарилер тұратын Даше-е-Барчи ауданындағы Саид әл-Шухада мектебінің қасында бірнеше жарылыс болған. Соңғы мәлімет бойынша, кемінде 50 адам мерт болып, 100-ден аса адам жараланған. Қаза тапқандардың көбі - мектепте оқитын қыздар.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Тарик Арианның сөзінше, әуелі автокөліктегі бомба жарылған, ізінше оқушылар мектептен қашып шыға бастағанда тағы екі жарылыс болған. Әлеуметтік желілерде тараған видео мен фотоларда теракті болған жерде қанға боялған оқу құралдары, жарылыстан соң әуеге көтерілген түтін көрінеді.

Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алмаған. Ауғанстан билігі шабуылды тәліптерден көреді. "Талибан" қозғалысы бұл терактіге қатысы жоғын мәлімдеді. Бұл соңғы бірнеше айдың көлемінде Кабулдаағы ірі қантөгіс оқиғалардың бірі.




Көрілген: 557    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 01:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30