Саяси сахна

Ауғанстандағы жағдайға байланысты Байденге импичмент жариялау ұсынылды

  • Фото: © REUTERS

    Фото: © REUTERS

Танымал конгрессмен Марджори Тейлор Грин АҚШ президенті Джо Байденге үш импичмент жариялауды ұсынды, оның ішінде Ауғанстанға қатысты жағдай бойынша да, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

 

Марджори Тейлор Гринк конгреске 10 мың америкалықты "Талибан" қозғалысы билігінде қалдырғаны (Қазақстанда террористік қозғалыс ретінде тыйым салынған) үшін Байденді биліктен кетіру туралы қарар жобаларын ұсынғанын айтты.

 

Сонымен қатар, ол президент АҚШ-тың оңтүстік шекарасында дағдарысқа жол беріп, иммиграциялық заңдарды бұзды және жалға алушыларды елден шығаруға мораторийді ұзарту арқылы Жоғарғы сот ұстанымына қайшы келіп, өзіне заң шығарушы өкілеттілікті алды деп мәлімдеді.

 

"Джо Байден президенттік еткен қысқа айлар ішінде Америка бүкіл әлемдегі құрметін жоғалтты. Дәлелдер анық және оның әрекеттері өрескел, оған импичмент жариялау қажет", - деді конгрессмен.

 

Оның бастамасы екі палатаны да Байденнің демократиялық серіктестері бақылайтын конгресте табысқа жету мүмкіндігі шамалы.

 

Грин қоғамды бірнеше рет таңғалдырып, әртүрлі қастандық теорияларын насихаттады, коронавирустың қауіптілігіне күмән келтірді және эпидемияға қарсы шараларға қарсы шыққан. Сол үшін Twitter-де бірнеше рет бұғатталған. Ол бір кездері маска тағу режимін холокост қасіретімен салыстырды, бірақ кейін сөзін қайтарып алып, кешірім сұрады.

 

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Кабулдан адамдарды эвакуациялау жүз пайыз сәтті болатынына кепілдік беруден бас тартқан болатын.

 

Айта кетейік, 17 тамызда "Талибан" содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.

 

 

 




Көрілген: 740    Пікірлер: 0

сенбі, 21.08.2021, 14:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31