Саяси сахна

Ауыл әкімдерінің сайлауы: кандидаттардың 61%-і өзін-өзі ұсынды

  • Ауыл әкімдерінің сайлауы: кандидаттардың 61%-і өзін-өзі ұсынды

    Ауыл әкімдерінің сайлауы: кандидаттардың 61%-і өзін-өзі ұсынды

Республика бойынша сайлауға қатысу үшін барлығы 2 582 адам өз кандидатурасын ұсынды, оның 2 297-сі немесе 88,9%-і қажетті тіркеуден өтті. Қазақстанда алғаш рет өтетін ауыл әкімдерінің сайлауына қатысуға тіркелгендердің көпшілігі – өзін-өзі ұсынған азаматтар. Олар жалпы кандидаттардың 61,8%-ін құрап отыр.

Бұл туралы Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Ерлан Қарин Telegram каналында жазды.

Ол сондай-ақ 14 шілдеде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кент пен ауыл округтерінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеу аяқталғанын айтты.

"Республика бойынша сайлауға қатысу үшін барлығы 2 582 адам өз кандидатурасын ұсынды, оның 2 297-сі немесе 88,9%-і қажетті тіркеуден өтті. 878 адам (38,2%) саяси партия атынан кандидат болды", - деп хабарлады Тоқаевтың көмекшісі.

Ол еліміздегі алты саяси партия ауыл әкімі болуға өз кандидаттарын ұсынғанын айтты.

"Сондай-ақ үміткерлердің көпшілігі, тіркелгендердің жалпы санының 61,8%-і немесе 1 419 адам өзін-өзі ұсынды. Яғни, жаңа нормалар белсенді азаматтар үшін өз әлеуетін іске асыруға қосымша мүмкіндік береді", - деп жазды Ерлан Қарин.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округі әкімі болу үшін сайлауға 25 жастан асқан Қазақстан азаматы қатыса алады. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келуі, сотталмаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасау фактісі болмауға тиіс.

25 шілдеде өтетін сайлауда Қазақстан бойынша 730 әкім сайланады. Тағы 45 басшы жыл соңына дейін сайланады, олардың өкілет мерзімі аяқталуы қажет.




Көрілген: 1160    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 13:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30