Саяси сахна

Ауыл шаруашылығы министрі оставкаға кетуі керек – Тоқаев

  • https://tengrinews.kz/

    https://tengrinews.kz/

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің батысында малдың қырылуына байланысты ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты отставкаға жіберуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Биыл жем-шөппен қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екенін айқын сезіндік. Ауа райының қолайсыздығынан және болжам жасау жұмысының тиімсіздігінен  жағдай ушығып кетті. Әсіресе Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жағдай қиын. Бір ғана Маңғыстаудың өзінде жаппай қырылған малдың саны 3 мыңға жетті. Бір тонна шөптің орташа бағасы 23 мың теңге, ал кейбір аймақта 42 мың теңге болды", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

 

Осы орайда президент ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер тарапынан тиісті шаралардың қолға алынбағанын ерекше атап өтті.

 

"Жүйелі әрі нақты жұмыс атқарылмаған. Соның кесірінен шаруаларымыз тығырыққа тіреліп отыр. Нақты іс-әрекет пен кері байланыс жоқ. Сондықтан фермерлер көмек сұрап, тікелей маған өтініш айтып жатыр. Әрине, қуаңшылық – табиғи жағдай. Мұны жақсы түсінемін. Дегенмен бұл мәселенің бір жағы ғана. Ең бастысы осындай күрделі кезеңде тиісті министрлік шұғыл және батыл шешімдер қабылдауы қажет еді", - деп атап өтті президент.

 

Оның пікірінше, министрлік бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра алған жоқ.

 

"Сондықтан осы салаға бірден бір жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаровтың отставкаға кеткені дұрыс деп есептеймін  ", - деп түйіндеді Тоқаев.

 

 

 




Көрілген: 1608    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 13:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30