Бұл туралы мәжілістте бүгін үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Біріншіден, 1,5 млн. ауыл халқы медициналық сақтандырумен қамтылмаған. Бұл мәселені шешу үшін қала мен ауыл тұрғындары арасындағы медициналық көмекке қол жетімділік теңсіздігін қысқарту мақсаты тұр. Сол үшін, биыл ауыл тұрғындарын, оның ішінде бірінші кезекте балаларды кешенді профилактикалық тексеруден өткізу басталады. Екіншіден, 2025 жылға дейін ауылдық жерлерде 420 медициналық мекеме салу, ауылдық дәріхана пункттерін құру жүзеге асырылады», - деді ол.
Тоғжановтың айтуынша, үшіншіден, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелерін нақты шешу мақсатында 20 ауданаралық перзентхана, 17 диагностикалық орталық ашылады. Төртіншіден, кадр тапшылығын азайту мақсатында дәрігерлердің (415 мың теңгеге дейін), орта медицина қызметкерлерінің (208 мың теңгеге дейін) жалақысы көтерілді.
Ауылдарда тұратын 1,5 млн азамат әлі де медициналық сақтандырумен қамтылмай жатыр
06 сәуір 2022, 11:21
