Айбек Дәдебаев ҚР Президенті іс басқарушысы лауазымына тағайындалды

11 қаңтар 2022, 19:17

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылып, ҚР Президенті іс басқарушысы лауазымына тағайындалды.

 

Ал осы лауазымдағы Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымынан босатылды.

 

 

24.kz