Саяси сахна

«Айқаймен пәтер аламын деп үміттену бекер» — Алтай Көлгінов

  • «Айқаймен пәтер аламын деп үміттену бекер» — Алтай Көлгінов

    «Айқаймен пәтер аламын деп үміттену бекер» — Алтай Көлгінов

 Маған баспана беріңіз, әйтпесе мен көпірден секіремін дейтіндер бар. Бұл барлық ережелер бойынша дұрыс емес, этикаға қайшы, заңсыз.


Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен кездесуден кейін әкімдікке келіп, баспана алуға үміттенген адамдардың іс-әрекеттерін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz


«Өкінішке қарай, мұнда қазір пәтер алғысы келетіндер санаты бар. Маған баспана беріңіз, әйтпесе мен көпірден секіремін дейтіндер бар. Бұл барлық ережелер бойынша дұрыс емес, этикаға қайшы, заңсыз. Біз мәселені жаппаймыз, мүмкіндігінше көмектесеміз. Бірақ егер олар 5 күн, 10 күн айқайлап, баспана аламыз деп ойласа, ол дұрыс емес», - деді Көлгінов.


Оның айтуынша, бүгінде әкімдікте тұрғын үй кезегінде 47 600 адам тұр.


«Біз олардың құқықтарын қалай бұзамыз? «Маған баспана бер» деп айқайлаған әкімдік жанындағы барлық адамдарға пәтер берсе, қалғандарын не істейміз? Бізде кезекте 47 600 адам бар, олар адал жұмыс істейді. Ал олар үшін мемлекет тұрғын үй салуда. Сондықтан бұл жерде келісілген бойынша жұмыс істеу керек деп ойлаймын», - деп қосты әкім.


Қала билігі жыл соңына дейін 1600 пәтерді жалға беруді жоспарлап отыр. Оның 600-і аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, ал, 1000-ы жұмыс істейтін жастарға арналған.


«Бұл да президент тапсырмасы. Сонымен, шыдамды болуларыңыз керек. Айқаймен пәтер аламын деп үміттену бекер», - деп қорытындылады қала әкімі.


Естеріңізге сала кетейік, көпбалалы аналардың талабымен митингке шыққандығы хабарланған болатын.

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев көпбалалы аналарға ескерту айтты.


Stan.kz




Көрілген: 892    Пікірлер: 0

сенбі, 21.09.2019, 12:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31