Саяси сахна

Азамат Батырқожа вице-министр қызметінен босатылды

  • Азамат Батырқожа вице-министр қызметінен босатылды

    Азамат Батырқожа вице-министр қызметінен босатылды

Азамат Байқуанышұлы Батырқожа Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ф. Дзержинский атындағы әскери академияны және "Тұран-Астана" университетін тәмамдаған.   

 
Еңбек жолын 1995 жылы жеке компаниядағы қауіпсіздік бөлімінің арнайы технигі болып бастаған. 

1997-1999 жылдары Қазақстан Көлік және коммуникациялар министрлігінде жұмыс істеді. Әр жылдары жеке компанияларда және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды. 

2019 жылғы желтоқсаннан бері ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды.




Көрілген: 906    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.08.2021, 12:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31