Саяси сахна

Бағдат Қожахметов: "Шектеу шаралары жақын күндері толық алынады" деген үміт болмасын

  • Бағдат Қожахметов:

    Бағдат Қожахметов: "Шектеу шаралары жақын күндері толық алынады" деген үміт болмасын

 

Жуырда ғана ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметін бастаған Бағдат Қожахметов бүгін "Желмая" жобасында қонақта болып, елді толғандырып жүрген бірқатар сауалға жауап берді.

Карантин мерзімі созылуы мүмкін бе?

Бағдат Қожахметов: Карантин мерзімінің ұзартылу немесе тоқтатылуы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер осы алдағы бір аптаның ішінде сырқаттанушылық деңгейіндегі тұрақтылық төмендесе, карантин мерзімі созылмауы мүмкін немесе қатаңдатылған ережелердің кейбіріне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Бірақ, шектеу шараларын толығымен алып тастау деген әңгіме жақын арада болмайды, оған еш үміт болмасын.

Күз айларында коронавирустың тағы бір толқыны болуы мүкін деген болжам бар, бұған не дейсіз?

Бағдат Қожахметов: Ол толқын COVID-19-ға байланысты емес. Күзде және көктемде маусымдық аурулар күшейе бастайды. Соған байланысты коронавирус инфекциясының да өршіп кету қаупі туралы дәрігерлер дабыл қағуда.

Денсаулық сақтау министрлігі ресми өкілінің алға қойған басты міндеті қандай?

Бағдат Қожахметов: Ең бірінші міндетім – Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланысын реттейтін, оны биік дәрежеде сапалы түрде көрсететін ұйым құру. Ол ұйымның атауын - Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат орталығы деп қойдық. Тағы бір маңызды мәселе – егер адамның азаматтық ұстанымы болса, халыққа, мемлекетке көмек беремін десе, ең алдымен, денсаулық жүйесіне көмектесу керек. Себебі, ең бірінші байлық – денсаулық. Осы бағытта жұмыс істеуге ниеті бар мамандардың басын қостық. Алдағы міндет - мақсаттарды нақтылап, стратегия құрып, жұмысты бастап кеттік.

Министр Алексей Цой әлеуметтік желілердегі парақшаларын өзі жүргізе ме?

Бағдат Қожахметов: Министр әлеуметтік желілердегі парақшаларында өзі отырады. Мен жұмысқа келгенге дейін медицинаға, денсаулық сақтау саласына, жалпы, өзіне тікелей қатысты сұрақтарды хэштег арқылы қарап, шамасы келгенше, жауап беріп жүрген екен. Ол кісінің уақыты тығыз, бірақ сонда да ебін тауып келген сауалдарды жауапсыз қалдырмаған. Қазір кез келген сұрақты маған тікелей жіберуін өтіндім. Біз әр сұраққа тиісті жауап дайындап, оны министрге көрсетіп, бас-аяғы 60 минуттың ішінде жауап қайтаруға тырысып жатырмыз. Бұқаралық ақпарат құралдарына барынша ашық болуға уәде беремін. Мен сол үшін келдім. Ең бірінші мақсатым - БАҚ ешқандай қиындық көрмеуі керек. Кез келген сұрағына кемінде бір сағатта жауап алуы керек деген уақыт қойдым.

Елдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал қалай?

Бағдат Қожахметов: Жалпы, ахуал біртіндеп тұрақталып келеді. Күнделікті ақпаратқа қарар болсақ, көрсеткіш бірде жоғары, бірде төмен. Бірақ айырмашылық айтарлықтай емес. Осыдан бір ай бұрын кейбір жүз адамдық ауруханаларда 120-140 адам жатқан еді. Ал, қазір бір айдың ішінде қоғамның коронавирус індетінің бар екенін түсінгенінің, дәрігерлердің тез жұмыс істеп, жүйені тиісті деңгейге жылдам көтере білгенінің арқасында қазіргі уақытта Қазақстандағы ауруханалардың 34%-ы ғана COVID-19-ға шалдыққан науқастарды қамтып отыр. 65%-ы бос тұр. Осы көрсеткішті сақтап қалу керек, сонда ғана жағдай тұрақталады. Ал, дәрі-дәрмекке келер болсақ, егер де қандай да бір азамат өзіне қажетті дәріні таба алмаса, әлеуметтік желі арқылы Денсаулық сақтау министрлігіне тікелей жазу керек. Тағы бір айта кетерлік жайт, кез келген ҚР азаматы аталмыш індетке шалдығып қалса, ол мемлекет тарапынан ақысыз ем алуға құқылы. Сондай-ақ, дәрігерді өзі таңдауына болады.

Айсұлу МАМАНҚЫЗЫ

Фото: дереккөз

BAQ.KZ

 

 




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.08.2020, 19:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қыркүйек, 00:59
    Праймериз деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31