Саяси сахна

"Бәрімізге де оңай емес": Дариға Назарбаева маңызды мәселені көтерді

  • https://sputniknews.kz/

    https://sputniknews.kz/

Сенаттың бюро отырысында спикер Дариға Назарбаева төтенше жағдай кезінде дәрігерлер мен журналистерге қолдау көрсету қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Сенат төрағасы Алматы облысында дәрігерлердің жаппай коронавирус инфекциясын жұқтырғанын, ал Атырау облысында журналистерге шабуыл жасалғанын еске алды.

 

"Бір нәрсені еске салғым келеді, бүгінде дәрігерлер де, журналистер де алдыңғы шепте жұмыс істеп жатыр. Олар алғашқылардың бірі болып, қазіргі қауіп-қатермен бетпе-бет келеді. Соған қарамастан, өздерінің кәсіби міндеттерін атқарып жүр. Сондықтан олар ерекше қорғауды қажет етеді. Құқықтық жағынан болсын, адами жағынан болсын, қолдау керек", - деді Назарбаева.

 

Оның айтуынша, қазір кінәліні іздеп салғыласатын уақыт емес. Барлық проблемны бірлесіп шешу керек.

 

"Заңға бағынбауды қатаң тыйып отыру қажет. Әсіресе, құқық қорғаушыларға бағынбау және қарсылық көрсетудің жолын кесу керек. Біз сыпайы және әдепті болуымыз қажет. Сөйтіп, лауазымды асыра пайдалану мен заңсыз әрекетке жол бермегеніміз жөн. Бәрімізге де оңай емес. Бірақ бір-бірімізге қолдау көрсетудің арқасында қазіргі жағдайдан тезірек шыға аламыз", - деп түйіндеді сенат төрағасы.


 




Көрілген: 310    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.04.2020, 19:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31