Саяси сахна

"Бәріне қарсымын": сайлау бюллетенінде тағы бір таңдау ұяшығы болады

  • "Бәріне қарсымын": сайлау бюллетенінде тағы бір таңдау ұяшығы болады

Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғау саласын барынша жетілдіріп, оны институционалды жағынан нығайта түсу қажет деп санайды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау бюллетеніне "Бәріне қарсымын" деген ұяшықты енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

VII шақырылған парламент сессиясында мемлекет басшысы адам құқықтарын толық қорғау басты мақсаттардың бірі екенін ерекше атап өтті. Бұл ретте азаматтардың таңдау еркіндігін барынша қамтамасыз ету аса маңызды.

Әлемдік тәжірибеде адамның қандай да бір сайлауға келіспейтінін немесе үміткерлердің бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіру құқығы кеңінен қалыптасқан.

"Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне "Бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Таңдауы жоқтығын ресми түрде көрсетудің өзі таңдау емес пе?", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, адам құқықтарын қорғау саласын барынша жетілдіру керек. Оны ұйымдастырушылық және институционалды жағынан нығайта түсу маңызды.

"Мысалы, бізде омбудсмен иституты бар. Бірақ ол әзірше өз әлеуетін толығымен көрсете алмай отыр. Сондықтан жақын арада омбудсмен туралы арнайы заң қабылдауымыз керек. Бұл заң аталған институттың қызметін барлық бағыт бойынша реттейді. Адам құқықтарына байланысты негізгі мәселелер өңірлерде байқалып отыр. Жергілікті биліктің үстінен арыз-шағымдар көп түседі. Сондықтан омбдусмен институтын ең алдымен аймақтарда күшейту керек", - деп атап өтті Тоқаев.




Көрілген: 505    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 12:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31