Саяси сахна

"Бас тартып отырмын": Перуашев президент сайлауына неге түспегенін айтты

  • "Бас тартып отырмын": Перуашев президент сайлауына неге түспегенін айтты


"Ақ жол" партиясының съезінде партия көшбасшысы Азат Перуашев алдағы президенттік сайлауға түспейтінін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.



 


 

Фото: Азат Перуашев, аkzhol.kz

Фото: Азат Перуашев, аkzhol.kz


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте


"Осы сайлауға қатысудан бас тартып отырмын. Неге десеңіздер, біріншіден біздің партиямыз парламенттік жүйені қалайды. Бұл біздің сайлау алдындағы бағдарламамыздың жобасында да айтылған. Бірінші орында парламенттік сайлау болуы керек", - деді Перуашев өзі жетекшілік ететін партияның съезінде.

Ол бұл тек өзінің көзқарасы емес, Алаштың қалауы болғанын атап өтті.


"Алаштың конституциясында осындай талап, ұстаным болған", - деді ол.

Перуашев "Ақ жол" партиясын тек өзімен байланыстырмауға шақырды.


"Партия және партия төрағасы – бұл бір деген түсініктен кету керек. Бүгінде біз өңірлердегі партия көшбасшыларының да ұлттық деңгейде партия төрағасына бәсекелес бола алатынын, маңызды идеялар ұсына алатынын көріп отырмыз. Монополизм – табысты дамудың басты жауы. Егер біз партияның дамығанын қаласақ, бәсекені күшейтіп, жаңа тұлғаларға жол беруіміз керек. Сондықтан мен президент сайлауына қатыспау туралы шешім қабылдадым", - деді ол.

Айта кетсек, бүгін "Ақ жол" партиясының құрылтайы өтіп, алдағы кезектен тыс президент сайлауына түсетін үміткер таңдалды.


Көпшілік дауысымен мәжіліс депутаты Дания Еспаева партия атынан президенттік сайлауға түсетін болды.






Көрілген: 633    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.04.2019, 21:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31