Саяси сахна

Байден киберқауіпсіздікке басымдылық берілетінін айтты

  • Байден киберқауіпсіздікке басымдылық берілетінін айтты

    Байден киберқауіпсіздікке басымдылық берілетінін айтты

АҚШ-тың сайланған, бірақ әлі қызметіне кіріспеген президенті Джо Байден үкіметтік мекемелерге және жеке компанияларға жасалған үлкен кибершабуылдар туралы хабарламалар аясында киберқауіпсіздікті «басты басымдық» етуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап.

«Біз әлі көп нәрсені білмейміз, дегенмен қазір үлкен алаңдаушылық туып отыр», &ndash деді Байден өз мәлімдемесінде.

«Анықтап айтар болсам, әкімшілігім киберқауіпсіздікті үкіметтің барлық деңгейлеріндегі басты басымдыққа айналдырады. Біз бұл заң бұзушылыққа қарсы күресті қызметке кіріскеннен сәттен басты басымдыққа айналдырамыз», &ndash деді ол.

Бейсенбі күні Киберқауіпсіздік және инфрақұрылым қауіпсіздігі агенттігі кибершабуылдарды федералды, штаттық және жергілікті үкіметтер үшін, сондай-ақ маңызды инфрақұрылым нысандары мен жеке сектор үшін «үлкен қауіп» екендігі мәлімдеген болатын. Агенттік хакерлер желілерге ерекше ептілікпен бұзып кірген және оларды шығару өте қиын болады деп мәлімдеді.

Желіге енудің осал тұсы SolarWinds Corp компаниясының Orion бағдарламалық жасақтамасы болған. Оны мемлекеттік құрылымдар мен жеке сектор кеңінен қолданады.

Хакерлер Orion бағдарламалық жасақтамасынан бөлек, желіге ену үшін басқа әдістерді де қолданған делінін отыр.




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

жұма, 18.12.2020, 18:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31