Байден мен Путин телефон арқылы сөйлесті

31 желтоқсан 2021, 10:52

Байден мен Путин телефон арқылы тілдесіп, Ресей жетекшісі демократты жаңа қызметімен құттықтады, деп хабарлайды Atameken Business.

 

Олар әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін екі жақты байланысты жақсартуға мүдделі. Тараптар алдағы уақытта ядролық қаруды қолдануды шектеуге арналған келісімді ұзартуға арналған құқықтық механизмдерді қарастырады.

 

Пандемиямен бірлесіп күреседі және сауда-экономикалық байланыстырды жақсартпақ. Халықаралық мәселелер де талқыланды. Оның негізгісі – Иранның ядролық бағдарламасы, Украина мәселесі, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің саммитін өткізу бастамасы.

 

Ақ үйдің баспасөз хатшысы телефон арқылы сөйлесу бастамасын Байденнің көтергенін айтты. Ол Навальныйдың бостандыққа шыққанын қалайды. Оны қолдау үшін бейбіт шеруге шыққандарға қысым көрсетуге қарсы.

 

АҚШ-тың ұлттық мүддесін қорғау жолында ол Ресейдің агрессиялық әрекеттерін жауапсыз қалдырмайды.

 

 

 

inbusiness.kz