Байден Путинмен Парижде кездесу өткізуден бас тартты

23 ақпан 2022, 18:01

АҚШ президенті Джо Байден Парижде өтетін Саммитке қатыспайтын болды. Саммитте ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі керек болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Франция президенті Макрон ұйымдастырған Париж саммиті қазір Байденнің жоспарында жоқ екендігі туралы "Украинская правда" басылымы Washington Post-қа сілтеме жасай отырып жазды.

 

Бұл кездесуде көшбасшылар Украина төңірегіндегі жағдайды талқылауы керек еді.

 

"Егер Ресей бағытын өзгертпесе, дипломатия сәтті бола алмайды. Ол айтқандай (Блинкен - ред.), қазіргі уақытта әріптесі, Сыртқы істер министрі Лавровпен кездесу өткізу орынсыз болар еді. Осыдан кейін президент Путинмен кез-келген өзара іс-қимыл болады деп болжаған еді. Сондықтан бұл жоспарларға кірмейді", - делінген Ақ үйдің хабарламасында.

 

Америкалық тараптың пікірінше, деэскалация кездесуді өткізуге ықпал етеді.

 

24 ақпанға жоспарланған АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Блинкен мен Ресей СІМ басшысы Лавровтың Женевадағы кездесуі де болмайтын болды, деп хабарлайды CNN.

 

"Енді біз Ресей әскерінің кіруі басталғанын көріп отырмыз және Ресей дипломатиядан толығымен бас тартқанын анық көрсетті. Қазіргі уақытта бұл кездесуді өткізудің мағынасы жоқ", - деді Блинкен.

 

Кездесудің болмайтындығы туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Лавровқа хат жіберу арқылы хабарлаған.

 

Блинкен АҚШ әлі де дипломатияны ұстанатынын атап өтті.

 

Естеріңізге салсақ, Ресей ДХР мен ЛНР тәуелсіздігін мойындағаннан кейін Америка президенті бұл елге қатысты жаңа санкциялар жариялады.

 

ЕО-да да шаралар туралы уағдаласты.