Байден Украинаға тағы 1 миллиард доллар көмек бермек

16 маусым 2022, 10:37

Украина осы аптада АҚШ билігінен тағы бір миллиард долларлық әскери көмек алады.

Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап.

Жаңа пакетке "жетілдірілген зымыран жүйелері", артиллерия және жағалау қорғаныс жүйелері кіреді.

Бұған қоса, Вашингтон Киевке ауыз су, дәрі-дәрмек, азық-түлік және басқа да гуманитарлық қажеттіліктерге 225 миллион доллар бөледі.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері бойынша көмекшісі Дерек Хоган Вашингтонның Украина үкіметінің жұмысын қолдау үшін ай сайын 1,5 миллиард доллар жіберуге дайын екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, мамыр айының ортасына қарай АҚШ-тың Украинаға қаржылай көмегінің көлемі 53 миллиард долларға жеткен.