Байден Украинаның ЕО-ға кіру ықтималдылығы жайлы: Бұл әбден мүмкін нәрсе

21 маусым 2022, 09:42

АҚШ Президенті Джо Байден Украинаның Еуропалық Одаққа кіру ықтималдылығы жоғары деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы АҚШ Президенті Рехобот Бич қаласында (Делавэр штаты) журналистермен болған әңгіме кезінде айтты, деп хабарлайды Bloomberg.

Менің ойымша, бұл әбден мүмкін нәрсе, - деді АҚШ Президенті Джо Байден.

Сондай-ақ, ол Украинаға сапары әлі жоспарланбағанын айтты.

Қазіргі уақытта Еуропалық Одақ басшылығы Украинаға ЕО құрамына енуге үміткер ел мәртебесін беру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Комиссия Еуропалық кеңеске Украинаға, бірінші - еуропалық перспективаны, екінші - үміткер ел мәртебесін беруді ұсынады. Әрине, мұның бәрі аталған мемлекет бірқатар маңызды реформаларды жүзеге асырады деген түсінікті білдіреді.Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен