Бердібек Сапарбаев қауесеттерге жауап берді

05 маусым 2022, 20:47

Мамырдың аяғында Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының қабылдауында болды. Бұл Сапарбаев мемлекеттік қызметке оралуы мүмкін деген қауесеттердің көбеюіне себеп болды. Сапарбаев бұл сұрақтарға Liter басылымының журналистеріне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты.

"Қазір әңгіме көп. Бірақ мен Мемлекет басшысымен қандай да бір лауазым туралы талқылаған жоқпын. Мен өз ойымды бөлістім. Мемлекеттік қызметте, басқаруда тәжірибем бар екенін білесіздер", - деп жауап берді бұрынғы әкім.
 
Бердібек Сапарбаев мемлекеттік қызметке оралатыны жайлы қауесеттерге де пікір білдірді.

"Ешқандай ұсыныс жоқ. Мен қазір үйде бала-шағаммен біргемін. Егер Отаныма, халқыма менің тәжірибем, білімім керек болса, әрине, Отан үшін, халық үшін мемлекеттік қызметке дайынмын. Ешқандай облысқа барайын деп жатқан жоқпын", - деді ол.

Бердібек Сапарбаев 2020 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. 2022 жылғы 7 сәуірде Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды. 

Tengrinews.kz