Саяси сахна

Бердібек Сапарбаев Қостанайда дүкен аралап, бағалармен танысты

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қостанай облысына жұмыс сапар барысында «Рахат» сауда орталығындағы «Rauzet» супермаркетіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Б.Сапарбаев негізгі азық-түлік тауарлары бағасының жөнсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтқандай, өңірлік тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 14 түрінен 8,7 мың тонна өнім жиналған. Бұл мақсатта 1,2 млрд теңге жұмсалды.


«Облыста нан бағасы тұрақты. Наубайханаларға бөлетін ұнды қолжетімді бағамен жинау үшін «Тобыл» кәсіпкерлік корпорациясы 300 миллион теңге бөлді. Бұл келер жылы қажетті өнім бағасының өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Негізі, тұрақтандыру қорынан нан пісіретін ұнды 94 теңгеден аламыз. Ал наубайханалар бір бөлке нанды 80 теңгеден, дүкендер 80-83 теңгеден сатады», - деді өңірлік Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов.


Б. Сапарбаев дүкен сөрелерін қарап шығып, отандық тауарлардың сапасымен танысты.



 


 




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.11.2019, 16:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31