Саяси сахна

Бердібек Сапарбаевтың інісі Үкімет үйіне жұмысқа кірді

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Қызылорда қаласының әкімі болған Нұрлыбек Нәлібаев енді Премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады.

 

Бұл туралы Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

 

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

 

1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

 

2005–2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 

 

2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 

 

2008-2013 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.  2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

 

Айта кетейік, Нұрлыбек Нәлібаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың туған інісі.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

жұма, 02.04.2021, 12:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31